Алматы облысы Кеген ауылында балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі беріліп, ескерткіш-бюсті қойылды. Айтулы шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің ұлы Қайрат Нұрқаділов қатысты. Жиналғандарға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы "Не только о себе" атты кітабы таратылды. 2015 жылы құрылған Кегендегі өнер мектебінде қазір 44 педагог әртүрлі өнер бағыты бойынша 890 оқушыға тәлім беруде.