Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Соңғы төрт айда жалпы ішкі өнім өсімі 3,7 пайзыды құрады

AstanaTV
16.05.2017ж. 20:00
5438
Соңғы төрт айда жалпы ішкі өнім өсімі 3,7 пайзыды құрады

Соңғы төрт айда жалпы ішкі өнім өсімі 3,7 пайзыды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, жылдық инфляция 7,5%-ға дейін төмендеген, халықтың нақты табысы 2,4%-ға, бөлшек сауда 5,5%-ға артқан. ЖІӨ-нің өсіміне оң әсер еткен факторлар: өндірістің 7,8%-ға, өңдеу салаларының - 6,8%-ға,  құрылыстың 6,1%-ға, қызмет көрсету саласының 1,9%-ға өсуі. Сондай-ақ, министр, Қазақстанның сыртқы қарызы да қауіпті шектен асып кеткен жоқ, деп сендірді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде. Ол 12,3 трлн теңгені құрайды немесе ЖІӨ-нің 24,6 пайызы. Осылайша, мемлекет басшысы айтқандай, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеті орындалып жатыр. 

Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 60 пайызынан, ал  оның пайыздық қайтарымы бюджет кірістерінің 15%-нан аспауы керек. Бұл шектен шыққан жағдайда, экономикаға қауіп төнеді. Ал Сағынтаев, статистикалық деректерге қарап, "тоқмейілсуге болмайды", деп ескеретті. Айта кетейік, министрлік жылдық өсім 2,5 пайыз болады деп межелеп отыр.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Статистикалық көрсетікшер жалпы жаман емес. Бірақ 4 айдың нәтижесіне қарап, арқаны кеңге салуға болмайды. Негізгі жұмыстар екінші тоқсанда күтіп тұр.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ