$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Маңғыстау облысында үйіне оқ атылған жәбірленуші әйелдің ұлы да күдікті ретінде ұсталған

AstanaTV
16.05.2017ж. 20:00
4377
Маңғыстау облысында үйіне оқ атылған жәбірленуші әйелдің ұлы да күдікті ретінде ұсталған

Маңғыстау облысының Жетібай ауылындағы тұрғын үйге жасалған қарулы шабуылға қатысты жаңа деректер шықты. Ұсталған бес күдіктінің ішінде жәбірленуші тараптың да ұлы бар екені анықталды. Бұл жайында бізге Сандұғаш Милғалиеваның өзі телефон арқылы айтты. 

Сандуғаш Милғалиева, жәбірленуші:

Олар менің ұлым оқ атты деп жазып жатыр. Бұл бұрын болған сияқты. Сондықтан баламды қорқыту үшін, олар біздің үйге келген. Олар барлығын сатып алды. Органдардың да қатысы бар, өйткені олар ана бұзақыларды отырғызбау үшін барын салуда.

Ішкі істер қызметі жәбірленушінің баласының құрықталғаны жайлы ешқандай ақпарат бермей отыр. Алайда, Сандуғаш Милғалиеваның айтуынша, қаскүнемдердің әрекетін тергеушілер қарапайым өш алуға жатқызған. Яғни бұған дейін ұлы күдіктілердің бірімен жанжалдасып қалған. Қазір барлығы уақытша қамау изоляторында. 

Жазира Әбіл, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы:

Қарақиян ауданының 5 тұрғыны ұсталды. Жастары 23 пен 27 аралығында. Қазірде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Еске салсақ, бұл оқиға өткен аптада болған. Қарулы шабуыл кезінде үйде екі ересек адам мен үш бала болған. Таңғы бестер шамасында қаруланған бір топ жігіт баспананы оқтың астына алады. Үй иесінің сөзінше, бұзақылардың бәрі бетпердеде болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Кейін шабуыл жасағандардың жәбірленушінің көршілері екені анықталған.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ