Таиландтың оңтүстігіндегі су тасқынынан кемінде 25 адам қаза тапты. Жоғалып кеткен адамдар әлі іздестіруліде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Табиғи апаттардың алдын алу және зардаптарын жою департаментінің мәліметінше, оңтүстік провинциялардағы ұзаққа созылған нөсер жаңбыр салдарынан 3,7 мыңға жуық елді мекенді су басқан.
Табиғи апаттан 660 мыңнан астам үй шаруашылығы зардап шекті.
Су тасқынынан зардап шеккен провинциялар Таиландтағы танымал туристік маршруттардан алыс орналасқан.