$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Асхат Аймағамбетов қазақ тілін қалай дамытуға болатынын айтты

AstanaTV
04.12.2024ж. 12:28
129
Асхат Аймағамбетов қазақ тілін қалай дамытуға болатынын айтты

Қазақ тілі жасанды интеллектінің күшімен дамытылатын болды. Мәжіліс "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" заңда осында нормалар көзделген. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң аясында мемлекеттік тілдің қолданысын біріздендірілмек. Аймағамбетовтің сөзінше, құжатта мемлекеттік тілдің цифрлық ұлттық сөздік қорын жасау мен Ұлттық тіл корпусы туралы арнайы нормалар енгізілген. Бұл нормалар мемлекеттік тілді жасанды интеллекттің күшімен дамытуды көздейді.

Chat GPT бар, "Алиса" бар, осының бәрі қазақ тілінде жақсы жұмыс істеуі үшін де біріздендірілген сөздік қоры, яғни тілдік ақпараттық жүйе керек. Қысқаша айтқанда, адамзат цифрлық әлемде өмір сүріп жатқандықтан қазақ тілінің де цифрлық сөздік қоры керек. Цифрлық сөздік қорды жасау және оны қолжетімді қылу жасанды интелектіні қазақша сапалы сөйлетуге ықпал етеді. Жасанды интеллектіні сөйлету, тек бар сөздерді құя салумен шектелмейді, ол күрделі процесс. Адам әр сөзді қолданылған орнына, дыбысталған ырғағына қарай, қандай мағынада айтылып тұрғынын түйсігімен түсіне алады. Ал Жасанды интеллектіде ондай түйсік болмағандықтан әр сөз алгоритм арқылы қолданылады, - деді ол.

Мысалы, бір сөзді 500 контексте беруіміз керек. Әрбір сөзді ыңғайына қарай, әр контексте бермесең, белгі енгізбесең, робот оны қалай пайдаланатынын білмейді. Сондықтан бұл үлкен жұмыс, және бұл жай ғана сөздік емес. Яғни тіл үздіксіз дамып отырады десек, цифрлық сөздік қорымыз да сонымен бірге ілесіп жетілдіріліп отыру керек.

Құрылатын Сөздік қоры ашық, қолжетімді ақпараттық жүйе болады, сәйкесінше кең аудитория үшін қазақ тілінің нормасы мен ережелеріне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл халықтың кез келген уақытта, күнделікті өмірде тілді дұрыс қолдануына жағдай жасайды. Сонымен қатар барлық азаматтар – мұғалімдер, оқушылар, студенттер және мемлекеттік органдар интернет арқылы осы "ақпараттық ресурсты" тегін пайдалана алады, - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Депутаттың айтуынша, кез келген адам іздеуге уақыт жұмсамай-ақ, сөздердің дұрыс емлесін немесе нақты мағынасын тез таба алады. Сонымен бірге оқушылар, студенттер мен мұғалімдер сапалы сөздіктер мен анытамаларға қол жеткізіп, бұл оқу мен оқыту үдерісін де әлдеқалай жеңілдетеді.