Спорт Қазақстан
$450.07 €488.51 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Алматыда «Сенің дауысың - сенің болашағың» байқауының жеңімпаздары анықталды

AstanaTV
16.03.2016ж. 20:00
1490
Алматыда «Сенің дауысың - сенің болашағың» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматыда «Сенің дауысың - сенің болашағың» деген атпен жарияланған байқаудың жеңімпаздары анықталды. Сайлау қарсаңында басталған ең үздік постерлер байқауында дара шыққан астаналық жас жігіт гран-при иегері атанды. Айдос Анаевтың қолынан шыққан туындыны ғаламтор белсенділері ерекше деп бағалап, ең көп дауыс берген. Енді оның туындысы Алматыдағы метро бекетіне ілінетін болады.

Айдос Анаев, байқау жеңімпазы:

Біздің елдің туы таудың ұшар басына тігілгені - мемлекетіміздің болашақта биіктерден көрінетінін білдіреді. Ал күннің жарқырауы мен сәуле шашуы болашақтың жарқын болатынын айғақтап тұр. Ендеше біздің дауысымыз - ол біздің болашағымыз. Барлық отандастарымды алда өтетін сайлауға бір кісідей қатысуға шақырамын. Себебі біздің дауысымыз біздің тағдырымызды шешетін болады.

Ал осы байқауда бірінші орынды ақтаулық Мұрат Наурызбай, екінші орынды тараздық Сағидолла Ақтанов пен Нұрсейіт Қарабаев өзара бөлісті. Үшінші орынды алматылық Рауль Чукобаев місе тұтты. Жалпы, байқауға 300-ден аса жұмыс түскен. Олардың арасында студенттер, өрт сөндірушілер, мұғалімдер де бар.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ