Алматыда ARO лақап атымен танымал әнші - Арман Сейтжапбар қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, 2 желтоқсан күні сағат 21:57-де Шаляпин көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері "Тойота" автокөлігін тоқтатқан.
Медициналық сараптама нәтижесінде көлік жүргізушісі наша шегіп, масаң күйде болғаны анықталған.
Тергеу барысында "Тойота" автокөлігінің иесі Арман Сейтжапбар өз көлігін есірткі шегіп, мас болған адамға тапсырғаны белгілі болған.
"Сот шешімімен екі азамат та қамауға алынды. Сондай-ақ, жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.