Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Өскемендегі жылу электр орталығында өрт болды

AstanaTV
17.05.2017ж. 20:00
3247
Өскемендегі жылу электр орталығында өрт болды

Бүгін Өскемен жылу электр орталығында болған өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдай кәсіпорын жұмысына да еш әсер етпеген. Бұл туралы Жылу электр орталығының қызметкерлері айтты.

Тілсіз жау су суытатын қондырғы ғимаратының шатырынан шыққан. Өрт 400 шаршы метрді құраған. Ол кезде мекемеде нысанды кеңейту үшін құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Өрттің шығу себебін сынақ зертханасы мамандары анықтайтын болады. "Ал қала тұрғындарына қара қою түтіннен зиян келмейді", - дейді қала әкімінің орынбасары.

Ержан Қоңырбаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

24 мың текше метрлік өндірістік қуаты бар градирняның өзі пластиктен жасалған еуропалық қондырғы. Мұнда тамшылы суару жүйесі қолданылады. Ол да пластик. Дәл осы жерден қара түтін көтерілген. Тұрғындар үшін қауіптілігі немесе қоршаған ортаға тигізетін басқа да кері әсері жоқ. Адам денсаулығына зиянды емес.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ