Елімізде биыл қан айналымы ағзаларының ауруы мен сыртқаттанушылық көрсеткіші 6%-ға, семіздік 2%-ға, қант диабеті 17%-ға өскен. Оған себеп -дұрыс тамақтанбау. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Ол тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігі қазір адам денсаулығына айтарлықтай әсер етіп отырғанын айтты. Мәселен, қарапайым тұздың өзін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәулігіне 5 грамға дейін ғана тұтынуға кеңес береді. Ал біздің елде бұл көрсеткіш тәулігіне 17 грамға дейін жеткен. Әсіресе, сапасыз тағамдардан балалар денсаулығына үлкен қауіп төніп отыр.
ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
6-9 жас аралығындағы балалардың 17%-дан астамы күн сайын, 50%-дан астамы апта сайын қант қосылған сусындарды тұтынады. Салдарынан 6-9 жас аралығындағы балалардың 20%-ы немесе әрбір бесінші баланың артық салмағы бар, ал оның 7%-ы семіздік ауруына шалдыққан.
Сондықтан Қазақстанда білім ошақтарындағы асханаларын ескертусіз тексеру ұсынылды. Биыл 578 бала мектептегі тегін тамақтан уланған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4 есе артқан.