$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Қостанай облысының кәсіпкерлері атқарған жұмысының ақысын ала алмай жүр

06.12.2024ж. 20:00
321
Қостанай облысының кәсіпкерлері атқарған жұмысының ақысын ала алмай жүр

Алпыс миллион теңге үшін арпалыс.Тобыл өңірінде бір топ кәсіпкер атқарған жұмысының ақысын ала алмай жүр. Бір жылдан бері талай мекеме табылдырығын тоздырған.Тіпті сотқа да жүгініпті. Сонда да алпауыт мердігерден ақшасын өндіре алмай отыр. 

Мемлекет басшысы шекаралық аймақтарды дамыту – стратегиялық маңызы бар мәселе екенін айтқан еді. Осы мақсатта Тобыл өңіріндегі бірнеше заставаны жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Шекара аумағындағы құрылысқа «Толағай 2050» компаниясы жауапты.Бас мердігер«Astana Gaz Engineering » серіктестігімен келісім-шарт жасаған. Ал қосалқы мердігер жеке кәсіпкерлерді жұмысқа тартып, ондаған арнайы техника мен жүздеген адамды жұмылдырған.

ГҮЛМАРАЛ БАЙЖАНҚЫЗЫ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Бір жарым жыл бойы жұмыс істедік. «Толағай 2050» деген.Солармен жұмыс істедік. Бір жарым жылдың ішінде бақыр тиын ақша төлеген жоқ. Екіншіден Радченко Виктор Павловичпен жұмыс істедік. Ол бізбен «Astana Gaz Engineering»ЖШС атынан келісім жасады.Өзі негізі «Толағай 2050» жұмыс істеді.Жобаның жетекшісі болған. Енді одан барып ақшамызды сұрасақ мен сендерге қарыз емеспін. Сендерге Толағай қарыз дейді.

АЙНАГҮЛ МҰСАФИРОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Біз сотқа жүгіндік. «Astana Gaz Engineering » ЖШС қатысты талап арыз түсірдік.Медиация жасалды.Сәуір айына дейін қарызды өтеуі тиіс еді. Бірақ міне жлетоқсан болды. Әлі ақшамызды алмадық.

Жеке кәсіпкерлер Қарабалық ауданы аумағындағы «Бірлік» пен «Қайрақ» және Меңдіқара ауданындағы «Ұзынағаш» шекара бөліміндегі құрылысқа атсалысқан. Арнайы техникамен қызмет көрсеткен.Қолдарында келісім шарт, атқарылған жұмыстың актісі бар.Жеке кәсіпкерлер жұмысшылардың еңбекақысын өз қалтасынан төлеген .Айлап айлық алмаған адамдар қарызға батып, қатты қиналған көрінеді.Атқарылған жұмыстың ақысын алмаса да , салық төлемдерін дер кезінде төлегенін айтады.

АНДРЕЙ МАРТЫНЕНКО, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Радченко Виктор Павлович біздің техникамызды жалға алды.Өзінің серіктестігі арқылы келісім-шарт жасады.Алайда ол шекара заставындағы құрылыстардың жоба жетекшісі болған. «Толағай 2050» жұмыс істеді.Жұмсышылардың айлап ақшасын берген жоқ. Олар еңбек инспекциясы арқылы айлығын алды.Ал біздің арнайы техниканың көрсеткені қызметі әлі төленбей отыр.

Кәсіпкерлермен бірге «Astana Gaz Engineering » серіктестігінің кеңсесіне бардық.Бас директор сұқбат беруден бас тартты. Бірақ бас мердігер «Толағай 2050» компаниясы ақшаның орнына арнайы техникалар беріп отыр.Соны сатып қарызды өтеймін деді. Ал осы серіктестіктің заңгерімін деп өзін таныстырған Марат Ысмағұлов былай дейді.

МАРАТ ЫСМАҒҰЛОВ, «ASTANA GAZ ENGINEERING »ЖШС ӨКІЛІ:

117 миллион теңге қарызды өндіріп жатырмыз.Солармен соттастық.Енді қомақты қаражатты өндіру жұмыстары жүргізіледі. Сол ақша біздің есепшотқа түсе салысымен, жеке кәсіпкерлердің ақысы беріле бастайды.

Ондаған кәсіпкердің алпыс миллион теңгеден астам ақшасы нақты қашан берілетінін серіктестік өкілі дөп басып айтпады. Ал шекара аумағындағы құрылысқа жауапты компания басшысы жазбаша жауап жіберді.

"TOLAGAI-2050" ЖШС мен "AstanaGasEngineering" ЖШС арасында бірқатар шарттар жасалды. Осы шарттарды орындау шеңберінде бухгалтерлік есепті салыстыру актісі бойынша деректерге сәйкес "AstanaGasEngineering" ЖШС "TOLAGAI-2050" ЖШС алдында 388 107 781,00 теңге(үш жүз сексен сегіз миллион бір жүз жеті мың жеті жүз сексен бір теңге 00 тиын) мөлшерінде берешегі бар.

Осыған байланысты, "AstanaGasEngineering" ЖШС-нің біздің тарапқа шағымдануының еш негізі жоқ және заңсыз деп санаймыз, өйткені дәл осы серіктестік бізге қарыздар.

ҚАНАТ НЫШАНОВ, "TOLAGAI-2050" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Екі жылға жуық еңбекақысын даулап жүрген жеке кәсіпкерлер дер кезінде несиесін жаба алмай,қаржылық қиындыққа тап болғанын айтады.Тіпті басындағы баспанасын сатуға мәжбүр болғандар бар.Ол 16 миллион теңге ақысын ала алмай жүр.