$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Ақтауда ежелгі теңіз жәндігінің қаңқасы табылды

AstanaTV
17.05.2017ж. 20:00
3879
Ақтауда ежелгі теңіз жәндігінің қаңқасы табылды

Ақтаулық оқушылар ежелгі теңіз жануарының қаңқасын тапты. Ұсақ тауында жатқан құнды жәдігер 38-55 млн жыл бұрын мұхит түбін мекендеген алып киттің сүйегі болуы мүмкін. Бұл маңнан акула тістерін іздеуге шыққан жас археологтар құнды жәдігерді тапқандарына дән риза. Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттеріне жетекшілік еткен топ басшылары, тау қыртысындағы қаңқа тасқа айналған алып киттің сүйегі болуы мүмкін, деген болжам жасапты. Тарихи орынды зерттеушілер ұзындығы шамамен 10 метр, ені екі метрге жететін сүтқоректінің омыртқа сүйектерін суретке түсіріп, мамандарға көрсетеді. Археологтар экспедиция мүшелерінің болжамын растап отыр.

Азамат Түйтін, Ақтау қ. Назарбаев  зияткерлік мектебінің археологиялық экспедиция жетекшісі:

Мына жерден бастап қарайтын болсаңыз, тұтас бір қаңқа жатыр. Мүмкін, оның жалғасы да жатқан болар. Өте үлкен, алып жануардың қаңқасы.