Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдың бір бөлігінде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы 8 желтоқсан күні сағат 03:00-ден бастап Алматы облысында республикалық маңызы бар «Алма-Тау демалыс орнына кіреберіс» автожолының 0-15 шақырымы (Түздыбастау ауылы мен Бесқайнар ауылы арасындағы учаске) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, – делінген КазАвтоЖол таратқан хабарламада.
Жолдағы шектеулерді 9 желтоқсанда сағат 07:00-де алып тастау жоспарланған.
Жүргізушілерге жол жағдайын алдын ала ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.