Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды AstanaTV.
Отандық спортшылар 1/4 финалда Оңтүстік Кореямен кездесті. Төрт таймның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 18:14 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, ұлттық құрама жартылай финалда Қытай мен Таиланд арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.