Сайлауға 4 күн қалды. Саяси
партиялар мен үміткерлер үшін соңғы үгіт аптасы. Алты саяси партияның ауқымды
насихат шаралары еліміздің бірнеше өңірінде өтіп жатыр. Толығырақ тілші
материалында.
Ақтөбеде көлік тіркемелерін
шығаратын зауыт іске қосылды. Жаңа өндірістің ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штаб белсенділері де қатысты. Ол партия қолдауымен жүзеге
асқан болатын. Жобаның жалпы құны 250 миллион теңге. Алғашында зауыт айына 20
көлік тіркемесін құрастыруды жоспарлап отыр. Сапасы еуропалықтардан кем
түспейді, есесіне біздің қатаң климатқа төзімді. Отандық техника 50 градус ыстыққа
да, қақаған аязға да шыдас береді.
Елеусін
Сағындыков, «Нұр Отан» партиясының
республикалық сайлауалды штабының мүшесі:
Индустриялды-инновациялық
программаға кіріп отыр, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасына сәйкес келіп тұр.
Бұл және орта және шағын бизнеске жатады. Бұл бағытқа бюджеттен тек қана 2016
жылға 500 миллиардтан астам ақша бөлінген.
Сайлау
науқаны басталғалы бері «Ақ жол» осымен үшінші рет ашық есік күнін өткізіп
отыр. Соған қарамастан, өтініштерімен келіп жатқан адамдар азаяр емес. Жұрттың
шағымы көбіне сот шешімі, баспана мен құжаттарға байланысты, дейді қоғамдық
қабылдауға қатысқан партия мүшелері.
Меруерт
Қазбекова, «Ақ жол» ҚДП мүшесі:
Біз
әр жұма сайын осындай қоғамдық қабылдауларды ұйымдастырып тұрамыз. Біздің
партия үшін әрбір азаматтың тілек арызы маңызды. Оны барынша қарастырып, көмек
беруге тырысамыз. Мұндай мәселелерді біз өткен шақырылымда да шешуге барынша
тырысқан болатынбыз. Сондықтан біздің партия үшін бұл таңсық емес.
Асет
Атабаев, «Ақ жол» ҚДП мүшесі:
Бұндай
күнде біздер халықпен тікелей сұхбаттасып, олардың күнделікті болып жатқан
өмірлеріндегі жағдайды естуге. Көмек керек болып жатса, қолымыздан келгенше
көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бізге келіп жатқан азаматтардың көбі тек қана
кәсіпкерлер емес, сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен адамдар болуы мүмкін.
Бірақ біздің жасап жатқан іс-шараларымыздың барлығы тек қана заңға сәйкес.
Ауылдықтар
Алматы облысындағы «Мадияр» шаруа қожалығына келді. Мұнда 2 мыңнан астам мал
бар. Оның ішінде 800-і ірі қара. Оған қоса жүгері, соя алқаптары мен жайылым
жерге ие. Енді мал басын арттырып, егінді жерлерді кеңейтуді жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда қожалық аумағында мал соятын және шұжық шығаратын цехтың құрылысы
жүріп жатыр. Шаруашылықтың тыныс-тіршілігін көрген «Ауыл» партиясының мүшелері
жұмысшыларды сайлауалды платформаларымен таныстырды.
Бөрібай
Жексембин, «Ауыл» ХДПП хатшысы:
Бүгінгі
күні Қазақстанда өте жақсы заң бар. Ол мынау ауыл шаруалығы кооперациясы деген.
Осы заңның аясында, біртіндеп шаруа қожалықтары өз істерін алға жылжыту үшін
кооперацияменен ірілендіру керек.
Қасенхан
Баратбекұлы, шаруа қожалық жетекшісі:
«Ауыл»
партиясы - ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға өте керекті партия.
Өйткені ауыл шаруалығында көптеген әлі де шешілмей жатқан өзекті мәселелер бар.
Мал шаруашылығы болсын, егіс шаруашылығы болсын.
ҚКХП республикалық сайлауалды штабының белсенділері үгіт-насихат кампаниясы аясында «Көкше» академиясының оқытушыларымен
кездесті. Академия ұстаздарына коммунистер партияның сайлауалды бағдарламасында
қамтылған білім беруді жақсарту мәселесіне тоқталды. Кездесудің басты
тақырыбы саналған марксизм мен ленинизмнің күші мен өміршеңдігі турасында да ой өрбітті.
Жамбыл
Ахметбеков, Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі
депутаттығына үміткер:
ҚКХП
бәсекелестікке қабілетті, сапалы білім үшін атсалысады. Бұл біздің партиямыздың
бағдарламасында да кеңінен көрсетілген. Жас ұрпақты Отанды сүюге тәрбиелеу
әуелі мектептен басталып, сосын жоғары оқу орнында жалғасын табуы керек. Оған
оқытушылар да әрдайым көңіл бөлуі керек.
Александр
Трофимов, «Көкше» академиясының оқытушысы:
Қазақстан
коммунистік халық партиясы өкілдерінің біздің оқу ордамызға келіп ой
бөліскеніне алғысым шексіз. Олар өз сайлауалды бағдарламаларында, әсіресе білім
саласын қамтығаны мені қуантты. Халық коммунистеріне алдағы сайлауда жеңіске
жетуіне тілектеспін.
Жалпыұлттық социал-демократтар халық саны көп Оңтүстік Қазақстан облысын аралады.
Шалғайдағы тұрғындардың тілегін тыңдады.
Нұртай
Қожаханов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ОҚО филиалының төрағасы:
Ауылдағы
қарапайым халықпен кездесіп, мына қаламыздағы, аудан орталығындағы базарларға
барып, қарапайым халықпен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Енді
былайша пайызбен айтатын болсақ, 90 пайызын оңтүстіктің аралап шықтық.
Блашақта
қоғамның қай бағытта дамитыны айқындалар тұста адамдардың белсенділік танытқаны
маңызды, - дейді тәуелсіз журналист Гүлмира Тойболдина. Сондықтан партиялар әр
адамның дауысы үшін күреседі. Сайлаушы дұрыс таңдау жасауы тиіс деп санайды.
Гүлмира
Тойболдина, тәуелсіз журналист:
Дауыс беруге келмей, үйде
жатып, билікті сынап, басқасын сынап, оппозицияны сынау - ол тірлік емес.
Сондықтан қоғамға араласып, өзіңізге қажет билікті өзіңіз қолдан жасауыңыз
керек. Сондықтан дауыс беруге бір кісідей қатысуымыз керек.
Көктем
ерте шығатын Шымкентте сенбіліктер басталып кетті. Ауа райының қолайсыздығына
қарамастан, жергілікті тұрғындар көшелерді күл-қоқыстан тазартып жатыр. Бұған «Бірлік»
партиясының белсенділері де атсалысып, көпке қолғабыс етті. 100 түп ағаш
отырғызып, табиғатты қорғауға шақырды.
Бауыржан
бөрібек, «Бірлік» саяси партиясы төрағасының орынбасары:
Біз осы ісімізбен өзгелерге үлгі болғымыз
келеді. Қоршаған ортаны қорғау, экологияны жандандыру - осы мәдениетті
жандандырғымыз келеді. Халқымыздың экологиясы таза болса, әрине, денсаулығы мықты
болады. Тазалықты сақтау, экологияны қорғау бағдарламада белгіленген.
Самат
Қозыбаев, «Бірлік» партиясы ОҚО филиалының жетекшісі:
Осындай
демалыс аймақтарында экологиялық талаптардың сақталуын жіті қадағалау керек.
Бұл ретте арнайы мамандарға күндіз-түні қадағалауды тапсырып қана қоймай,
азаматтардың санасын ояту керек.
Қоршаған
ортаның жанашырына айналған «Бірлік» партиясының өкілдері табиғатты көздің
қарашығындай қорғау керектігін атап өтті. Жергілікті халыққа ұйымның сайлауалды
бағдарламасында экологиялық мәселелерге аса мән берілгенін жеткізді.
Мөлдір
БАҚЫТҚЫЗЫ