Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Еліміздегі сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия дайындықтарын пысықтады

AstanaTV
16.03.2016ж. 20:00
1273
Еліміздегі сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия дайындықтарын пысықтады

Ақтөбе облысында 526 сайлау учаскесі құрылды. Олардың 133-і облыс орталығында шоғырланған. Бүгін Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясының Ақтөбе аймақтық орталығы сайлауға дайындықтарын пысықтады.

Саяси науқанның талапқа сай өтуін қадағалайтын байқаушыларға арнайы семинарлар өткізіліп, саяси науқанның маңыздылығы ескертілген. Сондай-ақ аудандар мен ауылдарда да арнайы шаралар ұйымдастырылып, бақылаушылардың міндеттері мен құқықтары түсіндірілген.

Халел Құсайынов, «ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» РҚБ Ақтөбе аймақтық орталығының жетекшісі:

Бүгінгі таңда 530-дан астам бақылаушылар тағайындалған әрбір сайлау учаскелеріне. Оларды біз оқыттық, семинар-тренинг өткіздік осы жерде. Жоспар жасадық. Әрбір бақылаушыға оқу-әдістемеліктерін тапсырып, соны жібердік.

Мансұр ЕСХОЖИН