$515.97 €537.8 ₽5.25
×

Жамбыл облысында жолда қалған халықаралық автобустағы жолаушылар құтқарылды

10.12.2024ж. 20:00
163
Жамбыл облысында жолда қалған халықаралық автобустағы жолаушылар құтқарылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданына халықаралық автобус жолда қалып қойды. Көліктің моторы істен шыққан. Қатты аязда тоңып қалған 41 жолаушыны құтқарушылар жылы жерге жеткізді. Арасында екі бала бар. Жолаушылардың 34-і Өзбекстан азаматы, қалғаны қазақстандықтар. Екі жүргізуші мен бұзылған автобус арнайы техникамен Түркістанға жөнелтілді.

АРМАН ТОКАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Жолда қалған жолаушылардың барлығы қауіпсіз, жақын маңдағы жылы орынға жеткізілді. Шақпақ ата ауылының өнер мектебіне орналасқан жаураңқы жұрт ыстық шәй ішіп, ары қарай өзге автобусқа отырғызып, діттеген жеріне жіберілді.