Ақтөбеде арнайы экономикалық аймақ салынбақ. Логистикалық хаб өңірдің халықаралық сауда-саттық, жүк тасымалын ұлғайтуда және транзиттік тасымалын дамытуға ерекше әсер етіп, жаңа мүмкіндіктер береді.
«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы қаланың оңтүстік айналма тас жолының бойында, Ақтөбе халықаралық әуежайы базасында орналасады. Логистикалық хабтың аумағы- 858 гектар. Арнайы өңдірістік аймақ алыс және жақын шетелмен өндірістік және логистикалық процестерді тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
ДОСЖАН ӘЛІБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
На территории Специальной экономической зоны ... Арнайы экономикалық аймақ аумағында Түркияның «S Sistem Lojistik» компаниясы «Қазпочта»-мен бірлесіп, логистикалық хабтың құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Жобаның құны 18,4 миллиард теңге болады. Жоба жүзеге асырылса 130 жаңа жұмыс орны ашылады.
Арнайы экономикалық аймақта көліктік-логистикалық бағытта тоғыз негізгі саланы, өнеркәсіптің 29 саласын құру жоспарланып отыр. Хаб іске қосылса, әлемнің кез-келген түпкірінен әуе кемелері арқылы тауар алмасу, сауда-саттық жүзеге асырылады.
ӘЛИХАН КАМАЛАДДИН, ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Жүк тасымалын ұлғату және транзиттік тасымалды дамытудағы маңызды қадам болады. Логистикалық хаб қызметтерінің негізгі тұтынушылары Ақтөбе облысының сауда, өнеркәсіп компаниялары және алыс жақын шетелдерден серіктестері болады. Әуе кемелері жан-жақтан Ақтөбе әуежайына тауарларды алып келеді және осы жерден басқа әлемнің түпкір-түпкіріне жақын қала, елдерге теміржолмен және көлікпен жеткізілетін болады.
Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналым 23 пайызға өсіп, 1 миллиард доллардан асты. Бұл логистикалық хаб болашақта өңірді халықаралық деңгейге шығарып, экономикалық дамуына зор үлес қосатын болады.