$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағы берілді

AstanaTV
18.05.2017ж. 20:00
2951
Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағы берілді

Театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағы берілді. Президент мұндай дәрежені салтанатты түрде табыстады. Белгілі актер биыл 80 жасқа толады.

ЭКСПО кезінде мейрейтой иесінің құрметіне "Астана" 1-ші бүкіләлемдік театр фестивалі өтеді. Оған Асанәлі Әшімовтың алыс-жақын елдердегі құрдастары және де актермен танысқысы келген жастар да қатысатын болады. Фестиваль маусымның 17-сі мен 26 аралығында өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Кино өнерінде Асанәлі Әшімов деген Қазақстанның бренді болып шықты. Сіздің өнердегі рөлдеріңіз, кинода, театрда бірнеше буынның жақсы көретін көрімі болып келе жатыр. Сондықтан еліңіз, халқыңыз айтып жатыр, кино, театр өнерінің ішіндегі ең саңлағы сізсіз.