Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту үшін жүйелі жоспар қажет - А.Жамалов

AstanaTV
18.05.2017ж. 20:00
2576
«Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту үшін жүйелі жоспар қажет - А.Жамалов

Өңірлік қаржы орталығын құру идеясы 2006 жылдан бері қолға алынған болатын. Тіпті Азиядағы үздік ондықтың қатарына кіру де жоспарда бар еді.  Дегенмен, бұл идея іске аспады. Қателіктерден сабақ алу керек екендігін бүгін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында өткен отырыста Аманжан Жамалов еске салды. Халықаралық деңгейде Дубай мен Сингапур елінің жобалары бағытын айқындай білген. Ал астаналық орталықтың жоспары бірақатар сұрақтар туындатып отыр,- дейді мәжілісі депутаты.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі: 

Біз әлеммен бәсекеге түсеміз. Осы ретті мен білгім келеді. Әрбір жасалатын қадамның жоспарланған стратегиясы бар ма? Өзге қаржы орталықтарының деңгейімен теңеліп, өзімізге лайықты орынға ие бола аламыз ба? Мен стратегиядан осындай нақтылықты көріп отырған жоқпын. Алдымен жүйені түзеп алмай, істің алға басуы екіталай.

Баяндама жасаған қаржылық орталықтың өкілі, отырысқа қатысушыларға рейтингте үздіктер қатарына көтерілу, жетістікке жеттік дегенді білдірмейді, деп сендірді. Сондықтан тізімнің төбесінде тұрғандарға емес, жобасын дұрыс жолға қоя білгендердің үлгісін мысалға алу қажет екен.

Марат Әйтенов, «Астана» ХҚОӘ» АҚ басқарма төрағасының м.а.:

88 үздік қаржылық орталықтардың қатарынан көріну ешқандай жетістікке әкелмейді. Біздің тіптен бөлек экономикалық көрсеткіштерді көздейміз. Кез келген адамнан әлемнің негізгі бестікке кіретін қаржы орталықтарын аташы десеңіз, Дубайды атайды. Себебі, жалпы рейтингте төмен тұрғанымен, қаржылық көрсеткіштеріне сай көпке белгілі.

Айбек ҚОСАН