$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Абай облысында Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді

13.12.2024ж. 20:00
206
Абай облысында Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді

Абай облысында Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді. Мүсін Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысына қойылды. Елеулі шараға Мемлекет басшысы құттықтау хат жолдады. 

«Шәкәрім Құдайбердіұлы» атты мүсіндік композицияның ұзындығы - 7,7 метр. Өнер туындысы қоладан құйылып, тұғыры тұтас граниттен жасалған. Ескерткіштің ашылуына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хат жолдады. Оны облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев оқып берді.

НҰРЛАН ҰРАНХАЕВ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Көрнекті ақынның асыл қасиеттерді кеңінен дәріптеген теңдесізмұрасы әлі талай ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Сәулет өнерінің туындысы ел игілігіне айналсын.

Өз заманының озығы, реалистік әдебиет саласын дамытуға үлес қосқан ізбасар бейнесін толықтай ашу 1,5 жылдық қажырлы еңбекті талап еткен. Ескерткіш авторы әр атрибут астында тұлға жайлы өзіндік тарих бар, дейді.

НҰРБОЛ ҚАЛИЕВ, ЕСКЕРТКІШТІҢ АВТОРЫ:

Шәкәрім атамыздың қолына тәсбих ұстатқанымыз Қажы ата болды ғой есімі. Енді сол себепті тәсбих дінді ғана емес, бұл ойлануға жаңағы ой үстіндегі адамның қолында жүретін бірден бір атрибут

Тұлғаларды тану арқылы ұлттық дәстүрлерді дәріптеу өте мағызды дейді- жиналғандар. Бұл жастар үшінде тәрбие мен өнеге.