Соңғы екі жылда халықтың медициналық қызметке жұмсайтын шығындары 27-ден 31%-ға дейін өскен. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Бұл шығындардың азаматтардың жарналарының есебінен жабылып отырғандығының көрінісі. Депутат бұл әділетсіздік деп сынға алды. Айта кетейік, Мәжілістің көшпелі отырысында міндетті медициналық сақтандыру мәселесі талқыланды.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мысалы, табысы жоғары банктер үшін, тау-кен металлургия секторы үшін салық бағасын көтерген дұрыс. Бірақ бұл ретте дәрі-дәрмекке салық енгіземіз десек, дәріханалар тауардың құнын арттырады. Ақырында, дәрі –дәрмек көмегіне жиі жүгінетінін зейнеткерлер, мүгедектердің төлеуіне тура келеді.