$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты

AstanaTV
14.12.2024ж. 09:07
141
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты

Қысқа қашықтыққа жүзуден Будапештте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Әділбек Мусин жүзуден ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол жекелей сында 100 метрді 50.55 секундта баттерфляй әдісімен жүзіп өтті. Нәтижесінде Әділбек 26 орында тұр. Аталмыш сайыста сынға түскен тағы бір қазақстандық Максим Сказобцов 34 орынға тұрақтады. Оның көрсеткіші 51.50 секундқа тең болды.

Ал әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метрді 59,22 секундта жүзіп өтіп, 26 орынға ілінді.