$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған зейнеткерлер қаражатына қатысты тексеру жүріп жатыр - Д. Абаев

AstanaTV
19.05.2017ж. 20:00
2142
Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған зейнеткерлер қаражатына қатысты тексеру жүріп жатыр - Д. Абаев

Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған зейнеткерлер қаражатына қатысты тексеру жүріп жатыр. Оның бүге-шүгесі жалпақ жұртқа жарияланатын болады. "Хабар" агенттігіне берген сұхбатында Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев осылай деп мәлімдеді. Министр салымшылардың алаңдауына негіз жоқ деп отыр.  Өйткені мемлекет зейнетақы салымына кепілдік беретінін еске салды. Ал қаражат дұрыс бағытталды ма деген сұрақ анықталып жатқанын айтты. Еске салайық, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 71,3 миллиард теңгесі банкрот болған Әзірбайжан халықаралық банкіне салынғаны белгілі болды. Банктегі қиындық мұнай бағасының құбылып, манаттың құлдырауынан басталған. Дегенмен, Әзірбайжан билігі қарызды қайтарауға ниетті екенін мәлімдеді.