Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызметіне салғырттық танытқан қызылордалық шекарашыларға үкім шықты

AstanaTV
19.05.2017ж. 20:00
2582
Қызметіне салғырттық танытқан қызылордалық шекарашыларға үкім шықты

Шымкент гарнизонының әскери соты бала өліміне жол берген 5 шекарашыға үкім шығарды. Істі қараған судья Жәмиля Төленова Қызылорда облысында мемлекеттік шекараны күзету сеніп тапсырылған жылжымалы шекара бекетіне басшылық жасаған аға лейтенант Түзелов Рақымжанды 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын қоныс колониясында өтейтін болады. Одан бөлек сол күні бір ауысымда болған тағы төрт шекарашыға 1 жылдан шартты жаза тағайындалды.

Ерекеев Ержан Тимурович ҚР ҚР 445 бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған осы баппен 1 жыл мерзімге  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚР ҚР 63 бабының негізінде Ержан Тимуровичке тағайындалған жаза шартты деп саналсын.

Барлығы да әскери шендерінен айырылады. Айта кетейік, оқыс жағдай осы жылдың 8 ақпаны күні болды. Сотта келтірілген дәйектерге сүйенсек, шекараны күзетуге шыққан бұл топ сол күні қызметке кірісудің орнына телефондарын сөндіріп, үйді-үйлеріне тарқасқан. Ал 4 автомат пен 1 тапаншаны оқ-дәрілерімен қарамағындағы бір шекарашының үйінде қалдыру бұйырылыпты. Салдарынан ойнап жүріп оқтаулы қаруды көріп қалған сол үйдің екі бүлдіршіні тапаншаны алып, кезенгенде, 7 жасар інісін өлтіріп алған болатын.