Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жол апатынан 1 топ мүгедегі болып қалған әйелдің жақындары әділдік таппай жүр

AstanaTV
19.05.2017ж. 20:00
3029
Жол апатынан 1 топ мүгедегі болып қалған әйелдің жақындары әділдік таппай жүр

Жол апатына түскен отбасы әділдік іздеп жүр. Астанада қоғамдық көлікті заңсыз айдаған қырғыз азаматы осыдан жарты жыл бұрын екі адамды қағып кеткен. Елорда тұрғыны Сәуле Рахимбериева 1 айдан астам ессіз күйге түсіп, 1-ші топ мүгедек атанды. Жол-көлік оқиғасынан кейін жарты жыл өтсе де, дәрігерлер науқастың жағдайы жақсарған жоқ,- дейді.

Олжас Бекарысов, ТОҒЗИ №1 травматология бөлімінің меңгерушісі :

Қазіргі жағдайы ауыр деп саналады. Вегетативный статус. Тетрасиндром. Қазір ол өзі тамақ жей алмайды. Өзі қимылдай алмайды. Өз-өзіне қызмет көрсете алмайды. Қолдары, аяқтары қимылдамайды. Тамақтың бәрін зонтпен береміз. Кіші дәрет, үлкен дәрет катетермен алынады.

Зардап шегуші тарап болса, Қырғыз елінің азаматы рақымшылыққа ілікті деп ашынады. Алғашында қол ұшын созғанымен, темір торға тоғытылмайтынын білген соң, ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Сейсенбай Шаяхметов, С. Рахимбердиеваның жолдасы:

Ең бастысы - емделуге қаржылай көмек көрсетсе болды. Бізге кінәліні түрмеге жапқанының қажеті жоқ. Бірнеше миллионды қазір әкел деп те сұрап отырған жоқпыз. Дәрігерлер, әйелімнің беті бері қарау үшін 1 жылдан 5 жылға дейін уақыт кетеді, дейді. Осы мерзім аралығында емдету үшін ақша керек қой.

Көлік жүргізушінің кесірінен төсек тартқан отандасымыздың құқығы қорғала ма? Рақымшылық заңының біз біле бермейтін қандай көлеңкелі тұсы бар? Сенбі күні, сағат 20:00-де, «Біздің уақыт» бағдарламасынан көре аласыздар.

Айбек ҚОСАН