Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағанды облысының үздік әртістері марапатталды

AstanaTV
19.05.2017ж. 20:00
1938
Қарағанды облысының үздік әртістері марапатталды

Қарағанды облысында биылғы жылдың ең үздік өнер және мәдениет қайраткерлері анықталды. Олар бүгін облыс әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Осымен он екінші рет өткізіліп отырған байқауға аймақтың барлық басты мәдени мекемелері қатысқан. Бүгін олардың арасынан озып шыққан 30-дан астам жеңімпазға қазақтың қасиетті қобызы бейнесіндегі арнайы белгі мен 200 мың теңге көлемінде сыйлық табысталды. Білім саласының қызметкерлері жыл әртісі, үздік театр режиссері, жылдың үздік суретшісі, мамандығына адалдығы үшін секілді 21 аталым бойынша бақ сынасқан. Жүлдегерлердің арасында кітапхана, мұражай, ауыл клубтарының қызметкерлері де бар. Әділқазылар алқасы үздіктерді еңбек өтілі мен өнер мен мәдениет саласындағы жетістіктері мен кәсіби шеберліктеріне қарап таңдаған.

Ал Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының қызметкері Маржан Әнуар "жыл әртісі" атанды. Ол 12 жылда жүздеген рөлдер сомдаған.

Маржан Әнуар, жүлдегер:

Кез келген өнер адамы өзінің өнерін бағалап жатса - ол біз үшін үлкен құрмет. Біздің шабытымыз, өнерге деген құлшынысымыз одан әрі артады деп ойлаймыз.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

Қарағанды пайдалы қазбалардың ғана емес, талантты адамдардың индустриясы деп атауға болады. Алдағы уақытта Елбасының «Туған жерге туың тік» бағдарламасы аясында сол қарағандылықтардың басын қосып, ірі жоба ұйымдастыруымызды біздің барлығымыз ойластыруымыз керек деп ойлаймын.

Марапаттау кешінің қонақтары тірі экспонаттар көрмесін тамашалады. Қарағандының символы кеншілер бейнесінен бастап, әлемге танымал шығарма кейіпкерлерін оқушылар мен бейнелеу өнері мұражайының қызметкерлері сомдаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жанды көрме шығармашылық адамдарға ерекше шабыт бермек.