$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Н.Назарбаев «АҚШ - Ислам әлемі» саммитіне қатысты

AstanaTV
22.05.2017ж. 20:00
3555
Н.Назарбаев «АҚШ - Ислам әлемі» саммитіне қатысты

Сауд Арабиясында «АҚШ - Ислам әлемі» саммиті өтті. Оның жұмысына 55 мемлекеттің басшылары қатысып, халықаралық терроризм проблемасын талқылады. Шақырылғандар қатарында Қазақстан Президенті де бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың Эр-Риядқа сапары мен жиында қозғалған күрмеуі қиын мәселелер жайлы алдағы бейнематериалда.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Эр-Рияд сапары кезінде Дональд Трамппен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап үлгерді. Форум АҚШ президентінің Сауд Арабиясына алғашы ресми сапарымен тұспа тұс келді. Ақ үй қожайыны мұсылмандарға қарсы шығып, 7 бірдей елге АҚШ-қа кіруге тиым салғаны есте. Дегенмен, Трамп өз қатесін түсінгендей кейіп танытты. Тіпті террорзимді қаржыландыруға қарсы америка-саудия бірлескен орталығын құрды.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Лаңкестіктің құрбаны болғандардың 95 пайызы - мұсылмандар. Зорлық-зомблыққа төзу мүмкін емес. Оны қабылдау, ақтау және елемеу - қылмыс. Жарқын болашақ тек лаңкестер мен экстремистерді қуып шығу арқылы ғана орнайды. Өз елдеріңнен, храмдарыңнан, осы әлемнен.

Трамп Америка талап қоймайды, тек өз көмегін ұсынады дегенге меңзеді. 30 минуттық баяндамасында «Ислам терроризмі» деген «сүйікті» сөзін мүлдем қолданған жоқ. Саммит қожайындары Трамптың ұсыныстарына үнсіз, бас изеумен болды. Иран - терроризмді таратушы, ал ХАМАС мыңдаған адам өліміне жауапты ұйым дегеннен танбады.

Абдулла, Иордания королі:

Бір барлығымыз бұл қауіп-қатердің бетін қайтаруға қатысуымыз керек. Бұл Құдай алдындағы, халық пен әлем алдындағы жауапкершілік. Иран билігі - әлемдік терроризмнің бастауы.

ХАМАС Трамптың сөзіне бірден жауап қатты. Саммит бітпей тұрып, ұйым өкілдері ХАМАС-ты лаңкестер қатарына қосу арқылы, Трамп басқыншылық жүйені қолдайды, деп мәлімдеді.

Фаузи Бархум, ХАМАС-ТЫҢ баспасөз хатшысы:

Бізді лаңкестік ұйым дегені Трамптың Израильды қолдайтынын білдіреді. Бұл түсінікке үзілді кесілді қарсымыз. Бұл имиджімізге кір келтіру және Трамптың синоистер басқыншылығын қолдайтынын білдіреді. АҚШ Изараильдағы лаңкестерді ресми түрде қолдайды.

Саммит кезіндегі Иранға қатысты айтылған әңгімеге қарап, сарапшылар енді Хасан Руханиге оңайға соқпайды деп жатыр. Әсіресе, Иранды уысында ұстау үшін, Эр-Рияд Вашингтоннан 110 млрд долларға қару-жарақ сатып алатыны айтылды.

Фод Изади, Тегеран университетінің профессоры:

Бәрі Иранға тіреліп тұр. Саудиттер, Израиль, Трамптың айналасы және АҚШ Конгерсіндегі көптеген адамдарға Иран ұнамайды. Сондықтан олар осында жиналып отыр. «Араб НАТО»-сын құрып, Тегеранға қысым көрсетуді ойлайды. Бірақ Иран Құрама Штаттармен қақтығысқысы келмейді. Мұның бәрі Ислам Республикасының өмірін қиындатады.

Атыс-шабыссыз әлем. Халықаралық лаңкестікпен күрес. Эр-Риядта көшбасшылар ең жиі қолданған сөздер осылар болса керек. Алайда мінбердегілер қанша қайталап айтса да, соғыстың тоқтайтын түрі жоқ. Әлемдік саяси серкелердің сөздерін босқа шығындап жүргеніне де біршама уақыт болып қалды.