$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қостанайлық зейнеткер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына үн қосты

AstanaTV
22.05.2017ж. 20:00
3127
Қостанайлық зейнеткер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына үн қосты

Жастарды қолдау - рухани жаңғырудың бастамасы. Қостанайлық суретші Юрий Новоселов облыстық байқауға демеушілік көрсетіп, талантты өрендерге сыйлық тағайындап отыр. Жергілікті өнер майталманы ұйымдастырған игі шараға тілшіміз Заңғар Санай қатысып қайтты.

Облыстық өлкетану музейінің залы уақытша бейнелеу өнерінің бұрышына айналды. Көрмеге өңір жастарының 40 шақты туындысы қойылып отыр. Игі шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен үндесіп жатыр. Сондықтан кәнігі суретшінің бастамасына мәдениет басқармасы да қолдау көрсетіп, байқаудың өтуіне атсалысқан.

Юрий Новоселов, жас суретшілер байқауының құрылтайшысы:

Жас суретшілердің көрмесі өтпегелі көп болды. Олардың өнерге деген құлшынысын арттыру үшін осындай байқау ұйымдастыруды жөн санадым. Бұл байқау жас таланттарға ой салады деп ойлаймын. Мүмкін, Суретшілер одағы жанынан өз ұйымдарын құруға түрткі болар.

Жас суретшілер қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Ахмет, Шоқаннан бастап ғарышкер, әнші, даңқты спортшыларды, өзге де елімізге белгілі адамдардың портретін айнытпай салуға тырысқан. Тіпті туындылардың арасынан жергілікті кондитерлік фабриканың президентін де кездестіруге болады.

Юрий Новоселов, жас суретшілер байқауының құрылтайшысы: 

Қылқалам арқылы адамның ішкі әлемін, шын болмысын, мінезін анық жеткізуге болады. Ал фотосурет тұлғаның танымалдығынан сыр шертеді. Екеуі егіз өнер.

Баян Баитов:

Менің  ойымша, байқауға қатысушылар тұлғаны қай қырынан таныса, сол жағынан салуға тырысқан. Бәлкім, басқа біреулерге бұл туындылар ұнамауы мүмкін. Бірақ олардың көбісінде тәжірибе жоқ ғой. Енді ғана бейнелеу өнеріне қадам жасап жүр.. Сондықтан оларды қатты сөгуге де болмайды.

Облыстық байқау осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған қатысқан 40  автордың  он бесі маратталып, кейбір жас суретшіге  жергілікті кәсіпорын басшылары тағайындаған  арнайы сыйлықтар табысталды. Игі шараға мұрындық болған Юрий Новоселов, байқаудың басты мақсаты - жүлде емес, бағдары  таланттарға талпыныс беру, дейді.

Заңғар САНАЙ