Соңғы
кездері Қазақстанның канадалық асыл тұқымды ірі қара малдың эмбриондарына
сұранысы артты. Бұл жөнінде біздің арна тілшілеріне «KazMeatAstana-2016» халықаралық форумында Канаданың Альберто провинциясының
өкілі айтты. Ааридж Башир теңгенің құнсыздануына байланысты Қазақстан асыл
малдың өзін сатып алуға қауқарсыз, сондықтан асыл тұқымды малдың генін
импорттауға көше бастады, дейді. Айтуынша, қызығушылық соңғы екі жыл ішінде
артқан. Дегенмен, Башир эмбрион тарнспалантациялау әдісі мол қаржы мен
шаруалардың біліктілігін қажет ететін күрделі техникалық процесс екенін
жасырмайды.
Ааридж
Башир, Альберта провинциясының өкілі /Канада/:
Генетикалық
материал арқылы ірі қара малды асылдандыру - бұл өте ыңғайлы әрі арзан әдіс.
Бірақ техникалық жағынан өте күрделі. Имплантанттың сіңісіп кететіні екіталай.
Ол үшін сурогатты күтіп баптайтын білікті ветеринар, шаруалар керек.
Отандық
шаруалар да күн санап құны артып отырған асыл тұқымдылардың орнына эмбриондар
әкелуді құптайды. Бірақ трансплантацияны жүзеге асыратын мамандар жоқтың қасы
деп налиды. Кейбіреулері өңір-өңірлерде арнайы зертхана ашылып, сол жерлерде
сурогаттық әдіс жүзеге асса деген ойларын жеткізді.
Айта өтейік, қазір елімізде
эмбриондарды жеткізумен айналысатын 4 зертхана бар. Бір жетілген ұрықтың құны
шашамен 500 АҚШ валютасына тең.
Павел
Рафальский, шаруа қожалығының директоры:
Менің
ойымша, зертхана не болмаса арнайы
шаруашылық ашып, эмбриондарды сол жерде трансплантациялау қажет. Сол шаруашылықтар
негізінде білікті маманадардың қызметі көрсетілсе деймін.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА