Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Базалық пайыздық мөлшерлемені азайтуға негіз жоқ - Ұлттық банк төрағасы

AstanaTV
16.03.2016ж. 20:00
1596
Базалық пайыздық мөлшерлемені азайтуға негіз жоқ - Ұлттық банк төрағасы

Базалық пайыздық мөлшерлеме көлемін азайтуға негіз жоқ. Бұл жайында бүгін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ақтөбедегі жұмыс сапары барысында БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

14 наурыз күні Ұлттық банктің қаржылай-несиелік саясатының техникалық комитеті базалық пайыздық мөлшерін өзгеріссіз қалдырды. Яғни 17 пайыз көлемінде. 1-2 пайызға ауытқу болуы мүмкін. Себебі Қазақстанда жылдық инфляция көлемі әлі де болса жоғары.

Ұлттық банк төрағасының сөзіне қарағанда, бүгінде салымшылар тарапынан теңгеге сұраныс өскен. Тек бір ғана Ақтөбе облысының өзінде тұрғындардың бүгінгі күні депозитке салған қаражаты 390 миллиард теңгеге жетіпті.

Есесіне шетел валютасына сенім азайған. Биыл қаңтар айында ақша айырбастау пункттерінде бар-жоғы 213 млн АҚШ ақшасы сатылған. «Мұндай жағдай соңғы 10 жылда болмаған»,- дейді Ұлттық банк төрағасы. Ақпан айындағы ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы жағдайы 4,4 пайызға нығайған.

Мансұр ЕСХОЖИН