Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 5 млн теңгеден астам біржолғы жәрдемақы төленеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылғандар жарты миллион теңгеге жуық ай сайынғы жәрдемақы алады.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біржолғы көмек - Мен кеше әкіммен келістім: Қазалы отбасыға 5 млн теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі. Және 500 мың теңге көлемінде ай сайын жәрдемақы алады. Бұл соммадан артық болуы мүмкін. Өйткені көп балалы отбасылар да бар.
Кеше Әзірбайжанның 14 азаматы өз еліне қайтты. Ұшақ апатынан зардап шеккен 6 жолаушы әлі ауруханада жатыр. Оның төртеуі реанимация бөлімінде ем алуда. Дәрігерлер пациенттердің жағдайы ауыр дейді. Сондай-ақ, мамандар әуе кемесінің апатқа ұшырау салдарын тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болатынын айтты. Бұған Әзірбайжан мен Ресей мамандары көмектеседі.
АБЫЛАЙБЕК ОРДАБАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
Біз бүгін нұсқаларды ұсынбаймыз. Тергеу, сараптама нәтижелері бойынша біз белгілі бір қорытындылар жасаймыз. Барлық тергеу-жедел іс-қимылдарды Қазақстан тобы жүргізеді, бұл полиция мен прокуратура. Қазір Әзірбайжан мен Ресей мамандары Қазақстанға келді, Олардың қандай да бір тергеу әрекеттеріне, қандай да бір тексерулерге қатысуына мүмкіндік береді.