Анкарадағы
терактіге қатысы бар деген күдікпен 10 адам қамауға алынды. Ал Түркия билігі ел
ішіндегі қауіпсіздікті күшейтіп, терроризмге қарсы операциялар жүргізе бастады.
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Анкара, Анталия, Ыстамбұл секілді
үлкен қалалардағы көліктерді тексеріп жатыр. Кісі қарасы қалың болатын әуежай,
метродағы бақылау да күшейтілген. Соңғы 5 айда 3 дүркін теракті тіркелген. Ел
тыныштығының бұзылуын саясаттанушылар үкіметтің саяси ұстанымымен
байланыстырады.
Мүждат
Өзтүрік, саясаттанушы:
Бұл
оқиғағаның барлығы биліктің ішкі және сыртқы саясаттағы қателігінен туындап
жатқанын көріп отырмыз. Мәселен, террорлық ұйым ретінде танылған «Күрдістан
жұмысшы партиясымен» араздық әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ. Керісінше,
еліміздің оңтүстік шығысында басталған жағдай шиеленісіп барады. Бірнеше жыл
бұрын көршіміз Сирияда болған оқиға бізге жетті. Енді, міне, астанамызға келді.
Мұндай жағдайдың болатынынан біздің құзырлы органдар білмеді деп айта алмаймыз.
Демек, қауіпсіздік мәселесі дер кезінде қолға алынбаған.
Самат СҮЛЕЙ