Атырау облысында биыл 143 дәрігер 5 млн мен 10 млн теңге аралығында бір реттік әлеуметтік төлем алды. Одан бөлек жеңілдетілген несиемен 43 ақ халатты баспаналы болды. Аймақтағы кадр тапшылығын жою үшін мұндай жобалар келер жылда да жалғаспақ.
Нейрохирург Аслан Нығметуллин Атырау облыстық ауруханасы еңбек етеді. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің түлегі маман тапшылығына байланысты резентураның үш жылын осында өткізген. Жас маман тұрмыстық мәселеге алаңдамай, халықтың денсаулығын жақсартуда алаңсыз еңбек ету үшін барлық жағдай жасалған,- дейді. Келіншегі де келер жылы дәрігер дипломын алып, қатарына қосылмақ.
АСЛАН НЫҒМЕТУЛЛИН, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ:
Бір реттік үстемақы 3 млн теңге берілді. Одан кейін жеңілдітлегн несие берілді 5 пайызбен бастапқы жарнасыз. Мен оған Нұрсая мөлтекауданыанн 2 бөмеі квартира алдым. Болашақта мақсатымыз Атырау халқына қызмет ету. Денсаулықтарын нығайту.
Дәрігерлерге берілетін үстемақы биыл екі есеге жуық көбейді. Нәтижесінде мамандар толығып, облыстық аурухананың травмотология бөлімінде жоспарлы оталар жүзеге аса бастады. Кардиологиялық оталардың да түрі де, саны көбейген. Жылыой ауданында жарақат бекеті, кардиология бөлімшесі ашылмақ.
АЛМАГҮЛ ӘБІЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Барлығы 143 маман әлеуметтік қолдауды алды. Оның ішінде 9 маман 10 млн көлемінде алды, шалғай ауылдарға барды, 32 маманымыз аудандық ауруханаларда 8,5 млн көлеміндегі үстемақыны алды. Қалған мамандарымыз қалалық медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасып, 5 млннан қолдауды алды.
Ақ халаттылардың санын ғана емес, сапасын арттыру үшін 600гетарта маман білімін жетілдірді. Оның басым бөлігі орта медицина қызметкерлері. Биыл сондай-ақ 17 медициналық нысан пайдалануға берілді. Оның 10-ы “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында салынды.