Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Медициналық сақтандыру бойынша әлеуметтік статусты анықтауда қиыншылық болмайды

AstanaTV
25.05.2017ж. 20:00
3593
Медициналық сақтандыру бойынша әлеуметтік статусты анықтауда қиыншылық болмайды

Міндетті медициналық сақтандыру бойынша әлеуметтік статусты анықтауда қиыншылық туындамайды. Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары осылай деп сендіріп отыр. Яғни ұзын-сонар кезек болмауы тиіс. Жаңа заң жобасына сай, бұл шараға наурыз айынан бастап дайындық жұмыстары жүргізіліп келеді.

Қазірдің өзінде мемлекеттік коорпорацияда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандары іске кіріскен. Олар азаматтардың статусы анықталғаннан кейін, жұмыссыздарды тіркеп, оларға бос жұмыс орындарын ұсынады. Сондай-ақ тұрғындар өз әлеуметтік статусын электронды үкімет порталынан немесе кез-келген  халыққа қызмет көрсету орталығынан біле алады. Егер азаматтарға жеңілдік есебінде жарнаны үкімет төлейтін болса, онда халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, тіркелуі міндетті.

Ерлан Шүренов, Астана қаласы ХҚКО үйлестіру қызметі департаментінің басшысы:

Біз бұл жұмыстарға ерте бастан қамдандық. Қажетті мамандардың барлығы осында. Барлық БАҚ көздері арқылы да түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осыған орай алдыңғы тіркеу кезіндегідей  дүрбелең болмайды деп сенеміз.