Латын әліпбиінің қолданысқа енетін соңғы үлгісі жыл соңына дейін дайын болады. Бұл туралы тарихшылардың төртінші ұлттық конгресінде Әлем және өнер университетінің директоры Уәлихан Қалижан мәлімдеді. Оның айтуынша, классикалық романдар латын тілінде қайта басылып шығады. Ал коммунист, комсомол, жұмысшы бейнесін дәріптейтін туындыларды аударудың қажеті жоқ, - дейді маман. Олар архивте қалады. Бүгінде әлемнің 122 елі латын әліпбиін қолданады. 48 ел араб қарпін және Ресейден бөлек, Қазақстан мен Қырғызстан кириллицамен жазып отырғанын айтты Уәлихан Қалижан.
Уәлихан Қалижан, Әуезов атындағы әлем және өнер университетінің директоры:
Әліпби бір дыбыс, бір әріп болу
керек. Егер екі әріп, үш әріптен бір дыбыс шығатын болса, ол қиындау болып
кетеді. Қазір жалпы айттым ғой, 100-ден аса үлгі бар. Солардың ішінен екшеп,
қарап, жылдың аяғына дейін соның негізгі нұсқасына тоқтайтын боламыз.