Қасиетті айымыз – Ораза айы да басталды. Өскемендегі Халифа Алтай атындағы орталық мешіттің имамдары смарт-мешіт жобасын қолға алды. Бас имам Ермек қажының айтуынша, жұмадағы намаз онлайн режимінде трансляцияланбақ. Бұл әрине, жүріп-тұруы қиын адамдарға, науқас кісілерге, кішкентай баласы бар аналарға, жолаушыларға ыңғайлы. Ал жыл соңына дейін смарт-мешіт жобасы күндіз – түні жұмыс істемек. Кез-келген смартфон, гаджеттер арқылы намазды ғана емес, Құран сүрелеріне орай түсірілген роликтерді көріп, кітаптар оқи аласыз. Сонымен бірге мешіттің барлық әлеуметтік желіде парақшасы және электронды поштасы бар. Ал сайтында «Онлайн-имам» бөлімі іске қосылмақ. Адамдардың сауалына, көтерген мәселесіне бірден жауап беріледі. Карта-навигатор арқылы облыс қонақтары өздеріне жақын мешітті таба алады.
Ермек қажы, Халифа Алтай атындағы ШҚО мешітінің бас имамы:
Мақсат
– мешіттерден шығып, уағыздарды елдің қазір көбі пайдаланатын смартфон,
гаждеттер арқылы тарату. Үйінен шыға алмайтын адамдар үшін де пайдалы. Жылдың
соңына дейін толық іске қосамыз. Қасиетті Ораза айында осындай жобаны іске
асырып отырмыз.