$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Үлкен шахмет тақтасы». Үлкен саясат. «Рухани жаңғыру».

AstanaTV
27.05.2017ж. 20:00
4062
«Үлкен шахмет тақтасы». Үлкен саясат. «Рухани жаңғыру».

АҚШ президенті Дональд Трамптың шет мемлекеттерге алғашқы ресми сапары Сауд Арабиясынан басталғаны мәлім. Содан мынадай көріністер:

Саудияда ол барабандар сүйемелдеуімен қылыш ұстап билейтін ұлттық биді шын ықыласын білдіргісі келгендей, жанындағылармен бірге теңселіп, әсерленіп биледі. Жауынгерлік рухты көрсететін биді құлшынып билейтініндей бар – АҚШ Сауд Арабиясына қару-жарақ, қауіпсіздік шараларына қажетті жүйелер жеткізетін келісім-шартқа қол қойды. Жиыны110 млрд долларға!

 Ал Иерусалимде басына телпек киіп, еврейлердің «Жоқтау қабырғасына» барып, мінәжат етті. Қабырғаның ішіне тілек жазған қағазын жасырған, сосын көзін жұмып, алға-артқа теңселген. Президент болып тұрғанында осылай істеген Американың тұңғыш президенті. Ол да Палестина – Израиль текетіресін шеше алмайды, дейді сарапшылар. Айтпақшы, оның сүйікті қызы, командасының мүшесі Иванка, күйеуі Кушнердің – еврей баласының діні – иудаизм, яһудилік дінін қабылдаған.

 Мұның бәрі үлкен саясат. Кіші саястқа – мемлекеттердегі тіршілікке әсер ететін, ықпалдасатын, жалпы ойын ережесін бекітетін З. Бжезинский айтпақшы, ҮЛКЕН ШАХМАТ ТАҚТАСЫ. Осының ұңғыл-шұңғылына дейін түсінетін, тенденцияларды сипаттап, болжамдар жасайтын мамандар бізде бар ма?

Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» мақаласында былай деген: ...қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз. Оның мәні мынада: 1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. 2. Алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек...Керемет идея. Қалай іске асырылмақ? Шет жағасын білуге тырыстық. 

Әлия Масалимова, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы:

Біз қазір 100 кітапты анықтаудың жолында жүрміз. Қандай кітаптар болады? Сол бойынша жұмыстар жүріп жатыр. – Бәрі қазақ тілінде болуы керек ғой? – Иә.

100 пайыз қамтып отырмыз деп айта алмаймын, себебі ол үнемі жүріп отыратын процесс. Міне 100 кітапты аударып бердік, сол бойынша дайындалыңдар деген мәселе емес. Гуманитарлық сала болғандықтан қоршаған ортаға байланысты да болады ғой. Қоғамның дамуына байланысты. Сондықтан ол бір қатып қалған нәрсе емес.

 Алтынбек Рахметов, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ философия және саясаттану факультетінің магистранты:

17-18 ғасырлардағы классикалық дүниелер аударылғанымен, жаңа еібектер әлі аударылған жоқ. Атап өтетін болсақ, 21-ғасырда пайда болған еңбектер мысалы,  «Капитал» деген еңбек орыс тіліне соңғы екі жылда ғана аударылды. Ол қазақ тіліне де аударылса деген үмітіміз бар.

Мынадай мәселе бар. Гуманитарлық ғылымға қатысты еңбектердің түпнұсқасын оқу – міндет. «Жетемін» деген студент әрине, ағылшын да, басқа да тілді меңгереді. Ал пайымды қалың қауымға қазақша жазу, жеткізу, түсіндіру – міне, осы тұста проблема зор. Тобыр болып жүре беретін массаның массасы артпауы  үшін – қоғамның, мемлекеттің, әлемнің дамуын бажайлай алуы керек. Оған көмектесетін қоғамдық ғылым. 

Алтынбек Рахметов, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ философия және саясаттану факультетінің магистранты:

Қазақстандық авторлардың шығатын еңбектері әрине, негізінен орыс тілінде. Қазақ тілінде Ерлан Кариннің, стратегиялық зерттеулер институтының мақалалары, сол орталықтан шығатын зерттеулер білім алуымыздың қажеттілігіне жарап тұр.

Ерлан Қарин, Досым Сәтпаев сияқты ағаларымыздай қоғамның пайдасына жарайтындай, түйткілді мәселені шешу жолдарын көрсететін еңбектер жазу.

Досым Сәтпаевтың өзі не дейді? Ол басты мақсат маман емес, саналы азамат қалыптастыру екенін еске салып, оқытушы білімді жанын салып түсіндіретін Ұстаз болуы керектігін айтты. Саналы адам дегеніміз -

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

Ты ответственно подходишь к получению образования, ответственно подходишь к делу, которой будешь выполнять, ответственно подходишь что твориться в этой стране. Ты должен воспитывать гражданина, который умеет думать головой. ...Который умеет дискутировать.

Досымның мықты саясаттанушы екенін бәрі біледі. Себебі: 

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

Өзімнің салама байланысты жаңадан шыққан еңбектерді жібермей оқуға тырысамын. Біздің салада еңбектер негізінен ағылшын тілінде. Мен сол, түпнұсқа материалдарды оқимын. Сонымен бірге сарапшылармен көп кездесемін. Дискуссия ұйымдастырамыз. Диалог құрамыз. Нәтижесінде өте қызық идеялар туады. Мен ешқашан кабинеттік ғылыми кеңістікте қалмаймын. Мен кабинеттік саясаттанушы емеспін. Және бір маңызды дүние - үнемі студенттермен, ғылыми интеллегенция өкілдерімен және қарапайым адамдармен араласу керек. Қарапайым адамдармен араласу, социологиялық зерттеу жүргізгенмен бірдей. Оларды не қызықтыратынын білесің. Саудагерлер, такси айдайтындар, аула сыпырушылармен саясат туралы айтқанда біздің қазақтардың саяси сауатты екеніне кезекті рет көз жеткізесің. Оларға телеарналар, газеттер арқылы далбаса нәрселерді тықпалаудың қажеті жоқтығын ұғасың. Олар анализ жасай алады. Тіпті көптеген саясаттанушыларды шаң қаптырып кетеді. Мен олардың пайымы мен мамандардың байламын салыстырамын. Білесіз бе, көп жағдайда сәкес келеді.