Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанда оқу орындарының бірқатары мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайын емес

AstanaTV
26.05.2017ж. 20:00
3027
Қазақстанда оқу орындарының бірқатары мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстандағы оқу орындарының тең жарымы мүгедек балаларды қабылдауға дайын емес. Инклюзивті оқыту мәселелері бүгін "Нұр Отан" партиясы жанындағы халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын қолдау бойынша комиссиясының отырысында сөз болды. Партия жүргізген талдау жұмыстары кезінде көптеген білім ошақтарының мүмкіндігі шектеулі балаларға лайықталмағаны анықталды. Елімізде мұндай жеткіншектердің саны 120 мыңға жуықтайды. Олардың жартысынан астамы білім мекемелеріне барады. Нұротандықтар алдағы екі жылда инклюзивті оқытуға жағдай жасау керектігін жоспарлап отыр. Оған мектепке дейінгі мекемелердің 30% және орта мектептердің 70% қамтылады.

Жанат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Оқу орындарының 40% мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайын. Ал өзге білім ошақтары бұған әзір емес. Киім ауыстыратын бөлмелер қарастырылмаған, апатты жағдай бола қалғанда, шығатын жолдар да жоқ. Балалардың 50% спорт залына бара алмайды. Бұл аздай кітапханалар мен асханалардың 30% лайықталмаған. Бірақ заңды тұрғыда барлық құжаттар дайындалды.