$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Ақмола облысында немересі 77 жастағы әжесін соққыға жыққан

AstanaTV
11.01.2025ж. 19:31
92
Ақмола облысында немересі 77 жастағы әжесін соққыға жыққан

Ақмола облысында 77 жастағы әйелді соққыға жығу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Зейнеткерді өз немересі ұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің арызы 2025 жылғы 8 қаңтарда түскенін, енді 30 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Егде жастағы ауыл тұрғыны бір күн бұрын немересі жанжал кезінде оның денесін жарақаттағанын айтты. Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.