$526.81 €542.72 ₽5.16
×

«Әйелім аяғын көтеріп қойып жатады, не істейтінін өзі біледі»: әнші Тұрардың пікірі қызу талқыға түсті

AstanaTV
13.01.2025ж. 09:07
38
«Әйелім аяғын көтеріп қойып жатады, не істейтінін өзі біледі»: әнші Тұрардың пікірі қызу талқыға түсті

Әнші Тұрар Ыдырыс YouTube-тағы «Сыр» жобасына берген сұхбатында жеке өмірі мен отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әйелі мен туыстары арасындағы қарым-қатынас қандай болу керегін жеткізді. Әншінің айтуынша, ер адам отбасы құрғанда алдымен әйеліне қамқорлық танытып, туыстарының оның жеке өміріне араласуына жол бермеуі керек.

«Мен үйдегілерге қойғанмын: «Менің әйеліме ештеңе демейсіңдер. Ол жатады, боянады, не істейді, өзі біледі» деп айтқанмын. Сондықтан менің әйелім аяғын көтеріп қойып жатады. ...Біріншіден, ол – менің әйелім. Ол – келін емес, алдымен менің жұбайым. Егер сен әпкелеріңнің, әке-шешеңнің айтқанымен жүретін болсаң, үйленбе. Көлік алғанда әкеңмен, куртка алғанда анаңмен ақылдасып жүрсең, үйленбе. Ананың, әпкенің араласуы содан болады. Ал сен дайын болып үйлендің бе, туыстарың сенің құрған отбасыңа мүлдем араласпауы керек қой», – дейді ол.

Өнер иесінің бұл пікірі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Кейбіреулер оның пікірін қолдаса, өзгелері оның ұстаныммен өмір сүретініне күмәнмен қараған.