$530.24 €543.97 ₽5.16
×

"Келешек" жинақтау қоры арқылы 5-8 млн теңге аралығында қаржы жинауға болады", - маман

13.01.2025ж. 20:00
161
"Келешек" жинақтау қоры арқылы 5-8 млн теңге аралығында қаржы жинауға болады", - маман

Ата-ана "Келешек" жинақтаушы қорына жыл сайын 12 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы салып отырса, бала 18-ге толғанша 5-8 млн теңге аралығында ақша жиналады. Мамандар осылай дейді. Ол үшін 5 жасқа толған балаңызға кез-келген екінші деңгейлі банктерден шот ашуыңыз керек. Әр бүлдіршіннің болашағы үшін Мемлекет 235 мың теңге көлемінде қаражат береді. Толығырақ Сүндет Оралбек айтады. 

Биылдан бастап 5 жасқа толған балалардың есепшотына 235 мың теңге аударылады. Ал, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндердің шоты 471 000 теңгемен толығады. Жыл сайын бұл қаржыға 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы қосылады. Бастысы, "Келешек" бағдарламасы бойынша депозиттік жинақтар инфляциядан қорғалған. Жиналған қаражатты бала 18-ге толған соң білім алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе дипломы болған жағдайда жинақталған қаражатты шешіп алуға құқылы.

ОЛЖАС БЕРКІНБАЕВ, ҚР ҒЖБМ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бала грантқа түссе жинаған ақшасын інісіне, қарындасына, үшінші тұлғаға тапсыра алады. Екінші пайдасы, ата-ананың балаға қандай мамандық таңдауына бағыт береді. Яғни, есеп жасайды. Мысалы, мына мамандық мынанша тұрады. Грантқа түсе алмаса мына балама беремін, оқу ақысын былай реттейміз деген. Былай қарасақ баланың келешегін ойлауға да қамтамасыз етілген жүйе.

СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:

Жинақтау жүйесінің шарты бойынша – ата-аналар кемінде жыл сайын 12 АЕК көлемінде міндетті ең төменгі жарнаны төлеуі тиіс. Бұл -44 304 теңге. Жылына осы мөлшерде ақша салып отырса, бала кәмелет жасқа толғанша 5-8 млн теңге аралығында қаражат жинақталады дейді жауаптылар. Сондай-ақ, салымшылар үшін шекті сомма жоқ. Ай сайын ақша салып отыруға болады.

Жыл сайын 12 АЕК

44 304 теңге

5-8 млн теңге қаржы жиналады

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Баланың жағдайын ойлаған адам салу керек қой.
- Балаларға білім беру керек, үй алу керек. Көмек болса жақсы ғой.
- Мен қолдаймын! Менің немерелерім бар. Олардың білім алуына жағдай жасалып жатыр.

Ескеретін жайт бар. Бағдарлама аясында, мемлекеттік капитал тек жыл сайын ақша салынып отырған есепшоттарға ғана түседі. Егер шотқа қаржы түспесе, капитал кері қайтарылады.