Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Астанада тағы 15 балабақша іске қосылуы мүмкін

AstanaTV
17.03.2016ж. 20:00
1560
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Астанада тағы 15 балабақша іске қосылуы мүмкін

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Астанада тағы 15 балабақша іске қосылуы мүмкін. Оның қатарында мектепке дейінгі дамыту орталықтары да бар. Қазір жобалар екінші деңгейлі банктердің қаралуында.

Әкімдік өкілдері кәсіптің бұл түрін дамытуға баласымен үйде отырған әйелдерді тартуға ниетті. Бұл жұмыссыздықпен күресуге біршама сеп болса, екінші қыз-келіншектердің бизнеске келуіне оңтайлы әдіс болмақ. Әрі балабақшаға баруға кезекте тұрғандар қатары азаяды. Үкімет серіктес болар кәсіпкерге 7 пайызбен несие беріп, оның 80 пайызына кепілдік жасауға да әзір. Мәселен, былтыр осындай жолмен Елордада 40-қа жуық жоба іске қосылыпты. Білім басқармасының дерегіне қарағанда, бүгінде Астанада 7 жасқа толмаған 133 мың бала болса, соның 87 641-і балабақша кезегінде тұр. 

Жанар Бескемпірова, Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:

Бүгінгі күні әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға үлкен қолдаулар көрсетілуде. Мысалы, "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында 40-қа жуық балабақшаны іске асырдық. Астанада сол балабақшалар жұмыс істеп жатыр. Қазір осы қолдауды алуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер саны ұлғаюда.