$530.24 €543.97 ₽5.16
×

Қостанай облысында бруцеллез ошағы анықталды

AstanaTV
14.01.2025ж. 21:40
166
Қостанай облысында бруцеллез ошағы анықталды

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында тағы да бруцеллез ошағы анықталды. Бұл жолы жұқпалы дерт Новоселов ауылындағы бір шаруашылықтан шықты. Ірі қара өсірумен айналысатын серіктестіктің 95 сиырынан бруцеллез таяқшасы табылған. Оның барлығы шұғыл түрде өңдеуге өткізілді. Қалған малды зерттеу жұмыстары жалғасады.

Бұл өткен жыл ішінде облыста анықталған төртінші бруцеллез ошағы. Енді ол аумақта сауықтыру шаралары қолға алынбақ. Қазір ауылдан мал мен мал өнімдерін әкетуге және әкелуге тиым салынды.

Төлеген Иманбаев, Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы: - Құжаттары дайындалып бәрі болғасын, содан кейін біздің республикаский РПО дейді Республиканскиий противоэпизотический отряд сол кіріседі жұмысына, қан алып зертханаға жеткізеді. 15-20 күннен қан алынып, зерттеленіп жүреді. Екі рет бруцеллез көрсетпеу керек. Содан кейін ошақ жабылады.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.