Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қытайға сапары барысында Чжэцзян провинциясының губернаторы, Партия комитетінің хатшысы Ван Хаомен жүздесті. Сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесуде тараптар екі елдің сауда-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану, мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыру және өңіраралық кооперация мәселелерін талқылады.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мемлекет басшысы Қазақстанның аймақтық операцияларды нығайтуға бейіл екенін бірнеше рет айтқан болатын. Біз бұл тұрғыда Орталық Азияда, Қытайда форматтың үлкен болашағын көріп отырмыз. Оның аясында инфрақұрылымдық жобалар жасалып, сауданы кеңейтуге болады.