2024 жылғы қарашада есепке 168,3 мың автокөлік есепке қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға артқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5694,5 мыңды құрады, оның ішінде 88% жеңіл автомобильдер, 9,9% жүк автомобильдері және 2,1% автобустар.
Алғаш рет тіркелген жаңа жеңіл автомобильдердің саны 31 149 құрады. Жаңа автомобильдер ең көп тіркелген қалалар:
Алматы қаласында – 6351
Астана қаласында – 4300
Шымкент қаласында – 3416
Алматы облысында – 2869