$448.98 €502.45 ₽5.45

Фристайл-могулдан Павел Колмаков Олимпиаданың финалына өтті

Фристайл-могулдан Павел Колмаков Олимпиаданың финалына өтті
Тұрар Қазанғапов

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан іріктеу кезеңі өтті.
Бұл сайыста әлем чемпионатының қола жүлдегері Павел Колмаков бақ сынап, 76.24 ұпаймен 9-орынға тұрақтады.
29 спортшы қатысқан сайыста ТОП-10 спортшы финалға тікелей жолдама алды.
Финал 12 ақпанға жоспарланған.