$529.65 €544.64 ₽5.16
×

Ақтөбеде мас жүргізуші автобус жолаушыларына қауіп төндірді

AstanaTV
16.01.2025ж. 21:20
68
Ақтөбеде мас жүргізуші автобус жолаушыларына қауіп төндірді

Ақтөбеде полицейлер автобус жолаушыларына қауіп төндірген мас жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында маршруттық автобус жүргізушісінің күдікті әрекеттеріне назар аударды.

Тексеру кезінде полицейлер жүргізуші мас күйінде болуы мүмкін екеніне күдіктеніп, сараптама жүргізуге шешім қабылдады.

Жүргізуші расында да мас күйде болып шықты. Құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, автобус арнайы тұраққа қойылды.

Енді жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жүргізушіге әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр.