Қазақ баласы Словакияда доп тебеді. Ұлттық құраманың шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Словакияның «Кошице» футбол клубымен келісімшартқа отырды.
Құжат негізінде енді 2,5 жыл сол жақта ойнауы қажет. 22 жастағы Ғалымжан бұған дейін Кипрдің екінші лигасында өнер көрсеткен және 4 ойында 5 гол соққан болатын. Испания жастар құрамасы қақпасын екі рет дәл көздеген қазақ футболшысына Еуропаның басқа да елдерінен сұраныс болған.Жерлесіміз Словакияның таңдапты. Бұл қаншалықты дұрыс шешім екенін уақыт көрсетеді. Барлығы Ғалымжан Кенжебектің өзіне байланысты.
Дәл қазір «Кошице» Словакия біріншілігінде 18 турдан кейін турнир кестесінің 7-ші сатысында келеді. Осы клубтан бір кездері Неманья Матич пен Онджей Дуда секілді мықты ойыншылар шыққан.
Айта кетейік, Ғалымжан – «Қайрат» футбол мектебінің түлегі. Алматылық командада 2024 жылдың тамызына дейін ойнады. Бертін келе «Жеңіс» және «Мақталар» сапында да доп тепді.
Бұл туралы 24.kz жазады.