$530.12 €546.08 ₽5.17
×

Бруцеллез : Қостанай облысында карантин жарияланды

AstanaTV
18.01.2025ж. 09:00
53
Бруцеллез : Қостанай облысында карантин жарияланды

Қостанай облысының Новоселов ауылдық округінде карантин жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Әулиекөл ауданының Новоселов ауылында күрделі эпизоотиялық жағдай тіркелді. Бұған дейін “Инспек” жеке шаруашылығында ірі қара малдың бруцеллез қоздырғышы анықталған еді. Ауру малдар саны күрт өсіп кетті. Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаев өткен жылы Әулиекөл ауданының аумағында бруцеллездің 164 жағдайы тіркелгенін айтты.

Жергілікті әкімдік өңірге жануарларды әкелуге және әкетуше тыйым салды. Сондай-ақ шөп пен сабан сияқты азықтарды таратуды шектейтін қаулы шығарды. Ауылдағы малдар оқшауланды. Ветеринарлық дәрігерлер санитарлық шараларды жүргізе бастады.

Өлген малдың саны және аурудың одан әрі таралу қаупі туралы әлі мәлімет жоқ.