Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президент Астана әуежайындағы жаңа терминал мен «Нұрлы жол» вокзалының жұмысын көрді

AstanaTV
31.05.2017ж. 20:00
3765
Президент Астана әуежайындағы жаңа терминал мен «Нұрлы жол» вокзалының жұмысын көрді

Астана халықаралық әуежайы енді 8 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін болады. Бұған дейін 3 миллион адамды қабылдап келген әуежайда халықаралық рейстерге қызмет көрсететін жаңа терминал ашылды. Бүгін оның жұмысымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев танысты.

Терминалдың аумағы - 47 мың шаршы метр, жылына 5 млн жолаушыны қабылдайды. Жаңа терминалда 26 тіркеу орны мен төлқұжат тексеретін 42 кабина орнатылған. Айта кету керек, әуежайдың жаңа терминалы рейстерге қызмет көрсетуді бес-алты күннен кейін бастайды. ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Астана әуежайы арқылы өтетін ішкі және сыртқы рейстердің саны артады.

Ал елордадағы "Нұрлы жол" жаңа вокзалы ертеңнен бастап жолаушылар қабылдайтын болады. Президент бүгін оның мүмкіндіктерімен танысты. Вокзал кешені 126 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Нысанға алты бірдей темір жол торабы кіреді. Қауіпсіздік жағы толық ескерілген вокзал ғимараты жолаушылар ағыны мен кезекті, электронды билет сату процесін интеллектуалды басқару желісімен қамтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

"Нұрлы жол" бағдарламасының орындалуын қадағалап отырмын, ол әуежайдың 3 млннан 8 млн пассажирге көбеюі, вокзалдың 18 мың жолаушыға қызмет көрсетуі, әдемі әрі үлкен екенін, ТМД да баламасы жоқ вокзал екенін елге көрсетейік дедік. Бұл біздің жетістігіміз, енді ЭКСПО-ға келетін қонақтар осы жолдар арқылы келетін болады.